"Кызылордатеплоэлектроцентр"

Государственное Коммунальное  Предприятие

ГКП

КТЭЦ

Рус

Қаз

Қосылуға арналған техникалық талаптар

    Каждый день мы работаем для повышения качества жизни своих потребителей, ведь согревая дома и офисы, мы создаем условия для их жизни и работы. Мы строим партнерские отношения с клиентами на основе уважения и взаимной ответственности. Главная ценность ГКП «Кызылордатеплоэлектроцентр»

-это сотрудники. Их высокий профессионализм, умение работать в команде – вот  основа эффективности нашей работы. Предприятие осуществляет свою деятельность в сложных климатических условиях и благодаря профессионализму персонала достигаются высокие цели и проекты по расширению услуг в обслуживании  потребителей.

Директор ГКП"КТЭЦ"

Требуемые документы для получения

"Технические условия" заявителей от "Центра обслуживания потребителей"

 

Перечень:

1. Наименование объекта.

2. Местонахождение объекта.

3. Полное наименование организации заказчика, адрес и телефоны.

4. Реквизиты юридического лица (ИП, ТОО, ГКП и т.д)

5. Характеристики тепловых нагрузок по нагрузок по выдам потребления

(объём здания, дома, пристройки) технический паспорт (копия)

6. Заявление на имя директора ГКП "КТЭЦ" (форма)

7. Копия удостоверения личности предпринимателя.

8. Ситуационный план.

23.07.26ж Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызмет көрсету аумағындағы жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттар алуың тәртібі «Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация "цифрлық үкіметтің" веб-порталы немесе уәкілетті органның цифрлық жүйесі немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні ішінде, ал күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Жылу желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға берілетін өтініште бекітілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы қайтарады. Құрылыс кодексінің 65-бабының 5-тармағына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасын техникалық шарттармен бірге беру, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беру Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – МҚҚК АЦЖ) арқылы жүзеге асырылады. ҚР Энергетика министрінің 18.12.2014 жылғы № 211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына» сәйкес тұтынушылардың объектілерін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар: 1) жаңадан қолданысқа берілетін объектілерді жылу желілеріне қосу; 2) тұтынушының жылуды тұтынатын құрылғыларының жаңғыртылуына және кеңеюіне байланысты тұтынылатын жылу энергия мөлшерінің (немесе жылу жеткізгіш параметрлерінің) өзгеру және қолданыстағы техникалық шарттармен сәйкес келмеу; 3) бұрын қосылмаған объектілерді жылу желілеріне қосу; 4) сыртқы жылумен жабдықтаушы схемасының өзгеру жағдайларында беріледі. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жылу желілеріне жаңадан салынған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кезектерін немесе жекелеген өндірістерді, қолданыстағы кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, жылуды тұтынатын қондырғылар мен жылу желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды береді. Тұтынушы техникалық шарттарды алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға өтінім береді. Өтінімде: 1) объектінің атауы; 2) объектінің орналасқан жері; 3) тапсырыс беруші ұйымның толық атауы, мекенжайы және телефоны; 4) жоба болған жағдайда: жобаланатын объектіні салуды сипаттайтын деректер, оны салу ұзақтығының нормативтік мерзімдері және объектіні пайдалануға берудің белгіленген мерзімдері, технологиялық қажеттіліктер, жылыту және желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету; 5) тұтыну түрлері бойынша жүктемесінің сипаттамасы (тұрмыстық тұтынуға арналған жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін техникалық паспорт) көрсетіледі. Қажеттілік туындаған жағдайда, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым осы Қағидалардың 13 тармағында көрсетілген жылумен жабдықтау мәселелеріне қатысты тұтынушының қосымша деректерін талап етеді. Тұтынатын жылу энергиясын немесе жылу жеткізгіштің мөлшерін өзгертуді қажет ететін тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын қайта құру немесе кеңейту кезінде тұтынушы қосуға арналған техникалық шарттар алғанға дейін енгізілген өзгерістерді ескере отырып, оны энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жаңа техникалық шарттар ресімдеуге ұсыну үшін жылумен жабдықтау жобасын әзірлейді. Жылумен жабдықтау және жылуды тұтыну жүйелерінің құрылысы мен қайта құру жөніндегі жұмыстарды қызметтің тек осы түріне рұқсаты бар ұйымдар, жобаны келіскен барлық мүдделі ұйымдардың келісімі бойынша ғана орындайды. Техникалық шарттардың әрекет ету мерзімі тұтынушылардың жылу желілерін және жылу тұтыну қондырғылары құрылысы мен жобалау нормативтік мерзімдерін ескере отырып, бірақ бір жылдан кем емес мерзімге белгіленеді. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосылғанына дейін тұтынушы мына әрекеттерді жүзеге асырады: 1) жылу торабын салған соң, есепке алу құралдары мен жылумен жабдықтаудың ішкі жүйесін монтаждаған соң энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілін ары қарай акт ресімдеу үшін қайта жөнделген жабдықты жуу және тығыздау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қабылдауға шақырады; 2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілдерімен бірге теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігінің шекараларын бөлу актілерін ресімдейді; 3) паспортты ресімдеп, дроссель құрылғыларының (шүмек, тығын) өлшемін алады. Дроссель құрылғыларын дайындау нормативтік-техникалық құжаттамаға және алынған есептерге сәйкес жүргізіледі. Дроссель құрылғыларын орнату кезінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілін пломбалау үшін шақырады; 4) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға алдағы жылыту маусымдарына жылу тұтынатын құрылғылардың және жылу желілерінің техникалық дайындығына акті алу үшін жуу, сығымдау және жөндеу актілерін ұсынады. «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24 бабына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады. 1. Жүйеге кіру және авторизациялану Порталда жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. • Ресми сайтқа өтіңіз: Браузер арқылы gov.ggk.kz порталын ашыңыз. • Кіру түймесін басыңыз: Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» немесе «Авторизация» батырмасын таңдаңыз. • ЭЦҚ таңдаңыз: Ұсынылған нұсқалардың ішінен ЭЦҚ (AUTH_Cert...) кілтін жүктеп, құпия сөзді енгізіңіз. • Профильді толтырыңыз: Жеке кабинетке алғаш рет кіргенде байланыс телефондары мен электрондық поштаңызды растаңыз. _________________________________________________________________________________________________ 📝 2. Құжаттарды тіркеу және өтінім беру Техникалық шарттарды алу немесе басқа да рұқсат құжаттарын тіркеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: • Қызметті таңдау: Жеке кабинеттегі «Қызметтер тізімі» бөліміне өтіңіз. • Өтінімді толтыру: Қажетті қызметті таңдап (мысалы, техникалық шарттарға өтінім), электронды нысанды толтырыңыз. • Құжаттарды жүктеу: Жер телімінің құқық белгілеуші құжаттарын, топографиялық түсірілімді және объектінің сипаттамаларын PDF форматында тіркеңіз. • Қол қою: Толтырылған өтінімді екінші ЭЦҚ (RSA_Cert...) кілтімен куәландырып, жөнелтіңіз.